Лингвистика пәні бойынша республикалық олимданының қалалық кезеңінің қорытындысы

 

         Ағымдағы жылдың 20 қазаны күні «Ы.Алтынсарин атындағы гимназия» КММ-і базасында 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға қала-ауыл мектептерінен 40 оқушы қатысты.  Олимпиадада оқушылар эстон, хануноо, тонга тілдеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады.

        Құрылған комиссия мүшелерінің шешімі бойынша, нәтиже төмендегідей:

І орын -  Дуйсеков Даниил Батырбекович (Ы.Алтынсарин атындағы гимназяның 10-сынып оқушысы, 35 ұпай) ;

ІІ орын –  Тәтіғұл Назира (А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы , 22 ұпай);

ІІІ орын – Жұмабек Ақбота ( №4 Кейкі батыр атындағы мектептің 8-сынып оқушысы, 21 ұпай);

ІІІ орын – Таласова Аружан (Родина жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, 21 ұпай).

І орын иегері атанған Дуйсеков Даниил облыстық кезеңге жолдама алды.

       Олимпиадаға қатысып, ат салысқан барша оқушыларға алғыс білдіреміз. Ал, Жеңімпаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!