1.Математика пәні мұғалімі;

2.Орыс тілі пәні мұғалімі;

3.Ағылшын тілі пәні мұғалімі;

4.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2 бірлік);

5.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (2 бірлік);

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Пән мұғалімдеріне: Жоғары педагогикалық білім.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үшін: Жоғары педагогикалық білім.Өтілі- 5 жыл.Санаты: педагог-сарапшы;

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары үшін: Жоғары педагогикалық білім.Өтілі- 5 жыл.Санаты: педагог-сарапшы;

Конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының  10-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020  жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының  11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Байқау уақыты: 15-25 тамыз

                           09:00-13:00

Мектептің мекенжайы:

Арқалық қаласы, Ш.Жәнібек к-сі 89

Эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефоны: +7 (7173) 30-7-89-00

                            8702 883 15 49

                            8771 390 62 49

                            8702 805 91 61