Байқауға жалпы мектептер "Үздік насихат тобы", "Үздік патриоттық ән" және "Рәміздерім-мақтанышым"  номинациялары бойынша өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Нәтижесі шығарылып, үздік жұмыстар жүлделі орындармен марапатталды. Айта кетсек, қалалық іріктеуден өткен жұмыстар облыстық кезеңге жіберілген болатын. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Арқалық қаласынан Родина мектебінің жұмысы "Үздік патриоттық ән" номинациясында жүлделі  ll  орынды иеленді. Қалалық, облыстық кезең жеңімпаздарын құттықтаймыз!