Қаламыздағы балабақша  бүлдіршіндері мен қала оқушыларының қатысумен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар түрлі спорттық  іс-шаралар,ойындар, асфальтқа сурет салу байқаулары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлы құттықтау сөз сөйледі. Жеңімпаз оқушылар мадақтамалармен, медальдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мереке қарсаңында «Олви» ЖШС басшысы Т.Ж.Соколова 800 оқушыға демеушілік жасап, тәттілер үлестірді. Мерекелік концертте 169 бала өнер көрсетсе, спорттық жарыстарға 956 бала қамтылды. Барлық білім беру мекемелерінің 4500 оқушысы мерекелік іс-шараларға қатысты. Фестивальга 300 мың теңге қаражат бөлінді.