2021 жылдың    23 қараша  күні   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының отырысы болды. 

 Күн  тәртібі бойынша «1- тоқсандағы  «Қазақ тілі» мен «Қазақ» әдебиеті»  пәндері бойынша оқушылардың  білім сапасы. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толтыру мәселесі туралы» талданды. «Қ. Бітібаеваның « Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы қазақ тілі мен әдебиетін жаңа бағдарламамен үйренуге арналған тапсырмалар жинағы» тақырыбында    Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ж.С. Жаппаспаева, «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша қалыптастырушы бағалауда қолданылатын тиімді әдіс- тәсілдер» тақырыбында  Майкөтов негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Абдигалиева,

 « Қазақ тілі сабағында жазылым дағдысын  қалыптастыру» тақырыбында  Ш. Уәлиханов атындағы №1 орта мектебінің    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ә.М.Қапарова іс- тәжірибесімен бөлісті.