2021 жылдың 15 - 17 қарашасы аралығында мектептердің 5 - 11 сынып оқушылары арасында Салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің арасында зиянды әдеттерге әуес болуды жою мақсатында іс-шаралар өткізілді. Құрылған іс-шаралар жоспары бойынша 5 - 11 сынып оқушыларымен «Біз - салауатты өмір салтын қолдаймыз!», «Біз - зиянды әдетке қарсымыз!» «Зиянды әдет - қоғамдық дерт!» т.б.  тақырыптарда дөңгелек үстел, кездесу іс-шаралары мен бейнесабақтар көрсетілімі өткізілді. Іс-шараларға Арқалық қаласының психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Саяпин Василий Николаевич және басқа да мамандар шақырылды. Іс-шаралар мазмұны оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, денсаулықты қадір тұтуы, жастайынан бастап денсаулықты нығайтудың жолдарын қарастыру, спорттық жаттығулар арқылы денсаулықты нығайту, дұрыс тамақтануды қалыпты күн тәртібіне енгізу бойынша көптеген кеңестерге толы болды.