Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының " Арқалық қаласы білім бөлімі" ММ жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 13 қарашасында "География" пәні мұғалімдерінің отырысы өткізілді. Мұнда "2020 - 2021 ж. география пәні бойынша білім сапасының қорытындысы, кемшіліктері және алдағы негізгі міндеттер", " Бірлестік жұмысы қорытындысы, жаңа оқу жылындағы міндеттер", "География пәні бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған жұмыс жүйесі" тақырыптарында мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.