12-қазан күні білім бөлімінің жоспары бойынша "Тарих пәні мұғалімдері қауымдастығының" отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 2020-2021 о.ж. тарих пәні бойынша оқушылардың білім сапасының қорытындысы, тарих пәні мұғалімдері бірлестігінің жұмыс қорытындысы, алдағы міндеттер және мұғалімнің пән бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған жұмыс жүйесі жөнінде мәселелер қаралды. Тақырып аясында білім сапасы төмен көрсеткіш көрсеткен мектептер есеп берді. Бірлестік жетекшілері жүргізілген жұмыстар жөнінде айта отырып, өзара тәжірибемен бөлісті. Сонымен қатар пән бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған жұмыс жүйелерімен таныстырып, тәжірибе ұсынылып, таратылды.