PIRLS -  түрлі елдердегі бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну деңгейі мен сапасын салыстыруға, сонымен қатар ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім беру бөлімінің Родина жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 сынып оқушылары  осы аталған PIRLS зерттеуі бойынша 11 - ші қазан күні жоспарлы тестілеуден өтті. Зерттеуге Білім министрлігінен  және  облыстық білім басқармасынан арнайы құрылған комиссия келіп, оқушылардан PIRLS бойынша тест, ал  олардың ата-аналарынан сауалнама алды.