«Шекарасыз әлемдегі Қазақстан балалары» республикалық балалар киносы фестивалінің қорытындысы бойынша "анимациялық кино" номинациясында 1 орынды Рената Базаркина, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданының білім бөлімінің Балалар шығармашылық үйі» КММ иеленді, жетекшісі Виталий Степанович Базаркин;

«Музыкалық клип» номинациясында 2 орынды Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Жас-Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығы МКҚК Қойшыбай Ақбаян иеленді, жетекшісі Ермахан Алматұлы Қайыржанов.

Фестиваль қатысушылары келесі номинациялар бойынша өз жұмыстарын ұсынды: «деректі (ойын емес) кино», «STOP-MOTION-видео», «әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім», «анимациялық кино», «музыкалық клип», «телевизиялық сюжет», «Киножурнал», «үздік операторлық жұмыс».

Фестивальге жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары – фестивальдің облыстық, қалалық (Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент) кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Республикалық фестивальге қатысушылар саны – 170 адам. Қостанай облысынан 10 адамнан тұратын команда ұсынылды.