Қостанай облысының құрамасы атынан екі өңір қатысты: Арқалық қаласы («Ы.Алтынсарин атындағы Гимназия» КММ) және Әулиекөл ауданы («Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі» КММ). Жалпы командалық есепте Қостанай облысы 13 команда арасында 10-шы орынға жайғасты. Жарыс 7 кезеңнен тұрды. Турнирлік кесте бойынша 1 – орынды Павлодар облысы, 2 – орынды Түркістан облысы, 3-орынды Қарағанды облысы иеленіп отыр.

Жеке есепте 3 орынды «Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беру мектебі» КММ оқушысы Арайлым Қапарова иеленді. Осылайша, Қостанай облысының қоржынында бір қола медаль.