«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 31 қаңтарында білім беру мекеме басшыларымен өткізілетін басшы жанындағы мәжілісте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау мақсатында «Торғай» газетінің бас редакторы, қоғамдық кеңестің төрағасы А. Айтмағанбетов кеңінен түсіндіріп өтті.

Елбасы Қазақстанның дамыған елдер қатарына енуіне бағытталған нақты он қадамға тоқталды. Соның ішінде білім берудің сапасын арттыруда маңызы зор «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші қадамға тоқтала келсек, бұл бөлімде білім жүйесінің барлық деңгейлері заманауи талаптарға сәйкес болуын көздеп отыр және білім сапасы мен мұғалім құзыреттілігін арттыруға баса назар аударылған. Білім мазмұнын жаңарту бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагог кадрларының лауазымдық жалақысының 30% көбейетіндігі туралы айтылды. Педагогтарды ынталандыруға бағытталған категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу туралы тапсырма берді. Бұл өз кезегінде қоғамда педагог мәртебесінің артыуына жол ашатындығына тоқталды. Жемқорлықпен күрес жүргізу әр азаматтың міндеті екенін атап өтіп, Жолдауда көрсетілген басым бағытының бірі екендігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар Жолдаудағы үштілді саясаттың маңыздылығына тоқтала келе болашақта біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп жұмыс істеу үшін үш тілді қажетті деңгейде меңгеретін болатындығын айтты. Ұлт көшбасшысы өзінің кезекті Жолдауының негізінде бүгінгі қоғамымыздың нақты идеалын анықтап отырғаны айтылған Жолдауды насихаттау білім беру ұйымдарында да жалғасын табады.