Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім беру бөлімінің Сарыөзен жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы: Үштөбе ауылы, Строительная көшесі 16 Тел: 87143031383
Меншік түрі: мемлекеттік
Мектеп 1990 жылы құрылған. Мектеп қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жасайды.
Мектеп басшысы: Койбагарова Сымбат Жауынбаевна
Мектеп тақырыбы: «Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі жекелей жұмыстарды ұйымдастыру»
Педагогикалық ұжым: 29 мұғалім
Мектеп жетістіктері:
2017 жылдың 8 желтоқсан күні өткен «Арқа жұлдызы – 2017» қалалық ән байқауына 2 оқушы қатысып, 5-сынып оқушысы Бияхмет Айым I орынды иеленіп облыстық «Золотой микрофон 2018» байқауына жолдама алды. 4-сынып оқушысы Қапар Архат «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
2016 жылы 28 қараша күні қалалық қосымша білім беру орталығында өткізілген «Ән – көңілдің ажары» атты ауыл мектептері арасында ұйымдастырылған байқауға мектебіміздің 1-сынып оқушысы Клышбек Іңкәр қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.
2016 жылы 7 желтоқсан күні ЦДО ұйымдастыруымен «Атамұрам – асыл қазынам» дәстүрлі ән байқауына 5-сынып оқушысы Сұлтанхан Ерболат пен 11-сынып оқушысы Ташабаев Спандияр қатысып, Ерболат І орынды иеленсе, Спандияр ІІ орынды иеленді.
2016 жылғы «Өркен» спартакиадасы бойынша жетістіктер:
Волейболдан (ұлдар арасында) – І орын;
Волейбол (қыздар арасында) – ІІ орын;
Баскетбол (ұлдар арасында) – ІІ орын;
Баскетбол (қыздар арасында) – ІІ орын;
Футбол (ұлдар арасында) – І орын;
Тоғызқұмалақтан ІV орын;
Шахматтан ІІ орынды иеленді.
2017 жылғы «Өркен» спартакиадасы бойынша жетістіктер:
Волейбол (қыздар арасында) – ІІ орын;
Баскетбол (қыздар арасында) – ІІI орын;
Футбол (ұлдар арасында) – ІII орын;
Тоғызқұмалақтан - ІII орын;
Шахматтан - ІІI орынды иеленді.