⚜️2021 жылдың 14 сәуірінде мектеп директорларының орынбасарларымен отырыс өтті.
 
📌Отырыста физика, биология пәндерінің 3-тоқсан қорытындысы бойынша оқу сапасының көрсеткіштері талданды.
📌Мектеп директорларының оқу тәрбие жөніндегі орынбасарлары оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және білім сапасын көтеру бойынша тәжірибе алмасты.
 

2021 жылдың 7 сәуірінде мектеп директорларының орынбасарларымен отырыс өтті.
📌 Отырыс барысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысы қаралды.
📌Оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және білім сапасын көтеру бойынша тәжірибе алмасты.

2021 жылдың 3 наурызында мектеп директорларының оқу тәрбие жөніндегі орынбасарларымен отырыс өтті.
⚜️Отырыста оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және білім сапасын көтеру, 2020-2021 оқу жылының 4 тоқсанының басталуы, оқушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, денсаулығына байланысты емтиханнан босатылатын оқушылардың құжаттарын дайындау мәселелері қаралды.

2021 жылдың 2 сәуірінде білім бөлімі басшысының жанындағы отырыс өтті.
⚜️Отырыс барысында білім беру мекемелерінде оқу-тәбие үрдісін ұйымдастыруда санитарлық – эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, 2020-2021 оқу жылының 4 тоқсанының ұйымдасқан түрде басталу мәселелері қаралды.

2021 жылдың 3 наурызында білім бөлімі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Барлық білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Бұл кеңесте дарынды оқушылармен жұмыс, «Алтын белгіге» ұсынылу талаптарының сақталуы, оқушылардың білім алуындағы оқулықтарды жою жолдары қаралды.


2021 жылдың 1 - 2 наурыз аралығында білім бөлімінің өкілдерінен құрылған мониторинг тобы білім беру ұйымдарының санитарлық нормаларының сақталуын зерделеді. Екі күн ішінде 5 мектепті аралап шықты: Родина ОМ, Кейкі батыр атындағы №4 ОМ, Б.Майлин атындағы №3  ОМ, №8 НМ және А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия.


2021 жылдың 1 ақпанында білім бөлімінің басшысы Е.Маметеков Сарыөзен, Восточный және Фурманов жалпы орта білім беретін мектептерінде болып, мұғалімдер қауымымен өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында карантин кезеңінде оқу процесін ұйымдастыруға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

 

5 ақпанда Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы орта білім беретін мектебінде білім бөлімінің басшысы жанындағы отырыс өткізілді.

 

Отырыс барысында А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған аймақтық жоспардың орындалуы, ерекше білім берілуге қажеттілігі бар балалардың білім алуына жағдай жасау бойынша білім беру ұйымдарының жүргізген іс-шараларының тиімділігі және  Ы.Алтынсарин атындағы гимназия және А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияда жаратылыстану бағытындағы пәндердің ағылшын тілінде берілуіне арналған эксперименттік алаң жұмысын зерделенді.


2020 жылдың 4-5 қарашасында Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Маметеков Есламбек Жеңісұлының Ақбұлақ негізгі мектебі, Фурманов орта мектебі, Аңғар негізгі мектебі, А.С.Макаренко атындағы орта мектебі, Восточный орта мектебі, Көктау негізгі мектебі және Сарыөзен орта мектебі мұғалімдерімен кездесуі өтті.

 

Білім бөлімінің басшысымен әңгімелесу барысында білім беру ұйымдарындағы профилактикалық бақылау, педагогикалық кадрларды аттестаттау, сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау мәселелері қаралды.