Елбасының атынан жаңа жылдық сыйлықтар!

Арқалықтың он төрт оқушысын Аяз ата мен Ақшақардан Жаңа Жылдық тосын сый күтіп тұрды. Балалардың жүректері қуанышқа толды. Өйткені, бұл Елбасы атынан табысталған сыйлыққа толы сандық. Оның ішінде планшеттер, тәтті сыйлықтар және А.Құнанбаевтың энциклопедиясы немесе қазақ халық ертегілерінің жинағы табысталды. Осыған орай оқушыларымыздың ата-аналарынан келіп түскен тілектер:

«Мен А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 6- сынып оқушысы  Нуриева Инабат Жасұланқызы  Президенттік шыршаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Сіздерден Планшет, ертегілер кітабын және  тәтті сыйлық алғанымда қатты қуанып үлкен әсер алдым. Мен  осындай сыйлықты армандап жүргенмін. Сіздер менің арманымды  орындадыңыздар.  Еліміздің Призидентінің  құттықтау ашықхатын ашып оқығаннан кейін, әрі қарай биік белестерді бағындыруыма үлкен шабыт берді. Қазіргі кездегі карантинге байланысты онлайн сабағыма сіздердің сыйлаған Планшеттеріңізбен сабағымды жақсы оқитыныма сенімдімін!.

Сіздерге көп-көп рахмет!»

«Әр ата-ана үшін баланың бақыты маңызды. Баланы қуанту – бәріміздің  де ерекше сәтіміз. Биылғы Жаңа жыл қарсаңында балам  Аружанды Президенттік шыршаға жазу мүмкіндігі туып, күні кеше ғана балаларыма Жаңа жылдық қуаныш сыйлап, үйімізге Аяз Ата мен Ақшақар келіп, баға жетпес қуанышқа бөлеп,   сыйлық табыс етті.  Балалардың алған әсерін, көңіл-күйін   сөзбен жеткізу  мүмкін емес.Осындай іс-шараны сәтті ұйымдастырып, орайластырған облыс әкімінен бастап, облыстық білім басқармасы,  қала әкімі қолдаған, қалалық білім бөлімі қызметкерлері, мектеп басшысы, мектебіміздің әлеуметтік педагогтеріне үлкен  аналық алғыс айтамын. Тәуелсіз еліміздің  әр отбасына жасап отырған қамқорлығы  көмекке зәру отбасылардың өмірге деген құлшынысын арттырып отыр. Мен Молдағалиева Гаухар көп балалы, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған ана ретінде   әкесіз 5 баланы тәрбиелеуде көмек қолын созып отырған барлық жауапты қызметкерлердің  ерекше қызметін жоғары бағалай отырып, еңбектеріне табыс,  отбастарына амандық, дендеріне саулық,  тілегім келеді. Жаңа жыл елімізге  несібе, ырысымен, берекесімен кірсін!» -

Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің ата-анасы Молдағалиева Гаухар

«Жаңа жыл - қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қнялдарға қол создыратын мереке. Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Менің қызымның да арман-тілегі - жаңа жылдық шырша болатын. Қызымның сол арманы орындалды депайтсам артық болмас деп ойлаймын. Менің қызым Шокбутова Аружан Серікқызыайтулы қара шаңырақтың бірі- Ш.Уәлиханов атындағы №1 мектептің 4Ә сыныбында оқиды, Аяз ата мен Ақшақар үйге келіп, құттықтап сыйлықтарын табыстады. Планшеттелефон, кітап және тәтті кәмпиттер берді. Осындай марапатқа ие болып отырғанымызға қуанышымыз шексіз. | Осындай іс-шараны ұйымдастырып, балаларға сыйлық жасап отырған облыс әкімі, қала әкімі, облыстыкбілім басқармасы, қалалық білім бөліміне алғысым шексіз. ! Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап. атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" деген даналықсөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылықкүткен халықпыз. Дендерінізге саулық, отбасыларынызға амандық тілеймін. Жаңа жылда жана табыстарға жетініздер!» - Төлегенова Анар Сәрсенбайқызы