«Ғылым қырлары-2020» облыстық конкурсының қорытындылары»

 

«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 23-27 қарашада жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары үшін «Ғылым қырлары-2020» облыстық конкурсын өткізді.

 

Конкурс білім беру сапасын және оқушыларды жобалау және зерттеу қызметі арқылы оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді.

 

Конкурстың мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық белсенділігін дамыту, оқушыларға білім беру мекемесі мен өңірден тыс ауқымда бәсекелесуге мүмкіндік беру.

 

Конкурсқа облыстың 16 өңірінен және екі облыстық ұйымынан 44 оқушы қатысты.

 

Конкурстың жүлдегерлері 15 қатысушы атанды, оның ішінде 4 қатысушы 1, 6 - екінші және 5 - үшінші орындарға ие болды. Барлық жеңімпаздар «Қостанай дарыны» ӨҒПО грамоталарымен марапатталады.