2020 жылдың 14 ақпанында  № 10 орта мектебі негізінде аталған мектептің жас мамандары қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас маманға көмек –уақыт талабы» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырды.

Сабақ барысында А.Оспанова 8-сыныпта «Аққулар ұйқтағанда», А.Түгел «Аққасқа мен Көксеректің шайқасы» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиетінен, А.Әбу «Электр тогының жұмысы мен қуаты» тақырыбында физика пәнінен ашық сабақтар өткізді. Сондай-ақ «Остров дружбы» тақырыбында психологиялық тренинг пен «Болашақ - білімді жастар қолында» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.