2020 жылдың 20 ақпанында  М.Әуезов атындағы № 5 орта мектебі негізінде жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде  оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану барысында тәжірибе алмасу және кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

Семинар барысында А.Абдрахманова  «Animals The ghost of the mountains», Ж.Мыржақып  «Пайдалы қазбалар қалай пайда болады» және Б.Баймақан «Тортай мінер ақ боз ат» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.