"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы музыка мектебі" Мемлекеттік Мекемесі

 

 

  

 

 

Мекеме аталуы: "Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Бақытжан     Байқадамов атындағы музыка мектебі" Мемлекеттік мекемесі

 

Мекен жайы: Абай даңғылы - 45

 

Телефон: 8(71430)7-64-98

 

Меншік түрі: Мемлекеттік

 

Мектеп 2001 жылы ашылған. Мектеп қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жасайды.  

 

Мектептің негізгі мақсаты: Барлық азаматтарға бастауыш музыкалық білім алуға құқық беру, эстетикалық тәрбиелеу және дарынды балалардың табиғи қабілеттерін дамыту.

 

Мектептің негізгі міндеттері:

 

-тұлғаның  дамуы мен қалыптасуына арналған, музыкалық білімінің  бастауыш дәрежесінің міндетті минимумын алуға қажетті жағдайлар жасау;

 

-ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде, ұлттық музыкалық мәдени жетістіктерінде, қоғамда өмір сүруге баулу.

 

-тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір сүру бейнесін және адамгершіліктің мықты негіздерін қалыптастыру, даралықты дамытуға жағдайлар жасау жолымен парасатты байыту;

 

 

 

Мектеп басшысы: Абенов Боранбай Қазбекұлы 

 

 

 

Мектеп тақырыбы: «Бастауыш музыкалық білімді кәсіби деңгейде оқыту»

 

Педагогикалық ұжым: 32 мұғалім. Оның ішінде 9-жоғары санатты, 4-бірінші санатты, 7-екінші санатты, 12-жас маман

 

Мектеп жетістіктері: «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы музыка мектебі» ММ-нің жетекшi бағыты оқушыларды шығармашылық дамыту болып табылады.

 

Мектеп балаларға музыкалық шығармашылықпен шұғылданып, өздерінің дарындылықтарын ашуға, өз қабiлеттiлiктерiн дамытуға мүмкiндiк бередi. 

Мектебіміздің жоғары кәсіби педагогикалық ұжымы өз дәрежелерін тәрбиеленушiлерiнiң қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жас музыканттар байқауларындағы жеңістерімен  үнемi дәлелдейдi.

Мұндай байқаулар педагогтардың кәсiби және жеке басының дамуын ынталандырады, мектеп жұмысының нәтижелерiн жетiстiкке жеткізуге олардың қосқан үлесін арттыруға көмектеседi.

Көптеген мектеп түлектері бізден алған бастауыш кәсіби білімін жалғастырып, колледждерде және жоғарғы оқу орындарында консерваторияда, өнер университетінде оқып, Қазақстанның барлық қалаларында қызмет атқарады.