Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Тоқтар Әубәкіров атындағы негізгі білім беретін мектебі' мемлекеттік мекемесі

 

 

 

Мекен-жайы: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы, к Орталық көшесі 

Телефон: 87143030686

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Мектеп 1977  жылы ашылған. Мектеп қазақ тілінде жұмыс жасайды.

 

 

 

Мектеп басшысы:  Сауыт Жұмагүл Қабидоллақызы.

 

 

Мектептің тақырыбы: «Оқушылардың ойлау қабілетін оқу және тәрбие процесі арқылы дамыту.»

 

Педагогикалық ұжым: 20  мұғалім

 

Мектеп жетістіктері: 2016-2017 оқу жылы Маратова Азалия ерекше үздік аттестатпен бітірді. 2017 жылы желтоқсан айында қалалық пәндер олимпиадасында    география пәнінен ІІІ орынға  Аубакир Сабыржан ие болып «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімінен» мадақтамамен марапатталды.Пән мұғалімі Искаков Нұрлыбек Нуржанович. 2016-2017 оқу жылында ағылшын тілі пәнінен  қашықтық олимпиадаға қатысып, 7 сынып оқушысы Кенжебаева Гүлжан сертификатқа ие болды. (Астана қаласы).“British Bulldog” халықаралық интеллектуалдық ойын конкурсына екі оқушы қатысты. «Кенгуру лингвист» конкурсына 4 оқушы қатысып, соның екеуі орын алды. Маратова Азалия 2 орын 9- сынып оқушысы, Кенжебаева Гүлжан 3- орын  7- сынып оқушысы, дипломмен марапатталды.  2017-2018 оқу жылы “English teachers Olympiad” қатысып сертификатқа  ие болды. 2017-2018 оқу жылы “British Bulldog” халықаралық интеллектуалдық ойын конкурсына үш оқушы қатысты. 3- сынып оқушылары Касымбек Сабина мен Нуржанова Нурсая және 5- сынып оқушысы Нагашибаева Ханым қатысты. 2017 жылдың мамыр айында физика пәнінен ғылыми жобаға қатысып жүлделі 3-орынға ие болдық, жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Шурыкпаева Алима Имашевна. 

 

Тәрбие жұмысы бойынша мектеп жетістіктері:

 

Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін  негізгі мектебінде 2017-2018 жылында  8 клуб және үйірме бар. Олар "Былғары доп", "Тоғызқұмалақ», "Жас тілші", "Жас информатик", "Жанұя", «Өлкетану», «Жас құқықшылар» және "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы жұмыс жасайды. «Былғары доп» және «Тоғызқұмалақ» үйірмелерінің жетекшісі Ауезбеков Ералхан Темирханұлы жектекшілік атқарса, «Жас тілші» үйірмесін Журымбаева Айтылымқас Қанатқызы, «Жанұя» клубының жетекшісі Бисекеева Гаухар Зейноллақызы, «Жас информатик» үйірмесін Кабжанов Қорғанбек Жұмағалиұлы, «Өлкетану» үйірмесін Искаков Нұрлыбек Нұржанұлы, «Жас құқықшылар» үйірмесін Файзуллина Арайлым Нұрланқызы және «Адал ұрпақ» ЕМК Қабылбек Тұралы Жайлаубекұлы жетекшілік етеді. «Былғары доп» үйірмесінде 8 оқушы, «Тоғызқұмалақ» үйірмесінде 4   оқушы,  «Жанұя» клубында 5 оқушы, «Жас тілші» үйірмесінде 5 оқушы, «Өлкетану» үйірмесінде 5 оқушы, «Жас құқықшылар» үйірмесінде 4 оқушы, «Адал ұрпақ» ЕМК  5 оқушы бар.

1 қыркүйек Білім күніне орай мектебімізде  2 қыркүйек күні сағат 11:00де 0-9 сыныптар үшін дәстүрге айналған  Білім күніне арналған «Сәлем, саған мектебім» атты тақырыпта салтанатты жиын өтті.

 

Өткізілген іс шараның мақсаты: Оқушыларды білімге, мектепке деген сый құрметке баулу, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндердің бойында білімге деген сүйіспеншіліктерін ояту, елін сүйетін, мықты азамат, азаматшалар етіп тәрбиелеу болып алынды.

 

Іс–шараның өтілуіне тәрбие ісінің меңгерушісі Кабденова Баян Ерденовна және 1- сынып жетекшісі Бисекеева Гаухар Зейноллаевна жауапты болды.

 

Білім күні мектеп ауласы Білім күніне сай безендірілді. Музыка ырғағымен әр сыныптың оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қатарға тұрды. Іс-шараға мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер және қонақтар қатысты. Білім күніне арналған сап түзеу ҚР- ның Гимнін орындаудан басталды.

 

Жүргізуші өткен оқу жылындағы айтулы мерекелерді яғни, Қостанай облысының 80 жылдығы, Арқалық қаласының 60 жылдығы, еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуы және ҚазақстанРеспубликасының  Конституциясына 22 жыл толып тұрғаны   туралы және сонымен қатар елордамыз Астана қаласында дүниежүзілік ЭКСПО 2017 көрмесінің өтіліп жатқандығы туралы   айтып өтті.   Білім күні мерекесінде алғашқы құттықтау сөзді ауыл әкімі Мұхамбетжанов Азамат Мақсұтұлы сөйлеп мектеп оқушыларына деген жылы лебізін білдіріп, мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1 сынып оқушыларына және аз қамтылған отбасының 2 оқушысына оқу құралдар жиынтығын сыйлыққа табыс етті. Келесі құттықтау сөзді мектеп директоры Сауыт Жұмагүл Қабидоллақызы сөз алып, оқушыларға жаңа оқу жылында толағай жетістіктерге жетуін тіледі. Сонымен қатар 1 сынып оқушыларына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыйлық кітабы табыс етілді. Оқушылармен қатар жаңадан келген мұғалімдер де мектеп қауымдастығына салтанатты түрде қабылданды.  Салтанатты сап түзеуде 1 сынып жетекшісі Бисекеева Гаухар Зейноллақызының ұйымдастыруымен 1сынып оқушылары өздерінің жыр-шумақтарын және 1 сынып оқушысы Қоныс Адай «Оқуда озат боламын» әнін келген қонақтарға тарту етті. 9 сынып оқушылары Серік Мақпал мен Омаш Анеля 1 сынып оқушыларына арнап өлең жолдарын оқып берді.  9 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларына өздерінің шағын сыйлықтарын табыс етті.  Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі 1 сынып оқушыларына берілді.

 

Салтанатты  жиыннан кейін «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тақырыпта алғашқы  тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарына ата-аналар қатысты.

 

2017-2018 оқу жылындағы «Денсаулық фестиваліне » байланысты  спорттық ойын  түрлері біздің мектебімізде де аталып өтті.  Денсаулық  аптасын  өткізу  үшін қалалық  білім  бөлімінен  келген жоспарды  басшылыққа  ала  отырып, жоспар  құрылды. 

 

Қыркүйек айында қалалық жеңіл атлетикаға мектебіміздің 8 сынып оқушысы Кенжебаева Гүлжан  қатысып, ІІІ – орынды иеленіп келді.Күзгі кроссқа мектеп оқушылары қатысып, Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі командалық ІІІ орынды иеленді.   16 қыркүйек күні мектебімізде «Кейкі батыр тағылымы және тарихы» атты тақырыпта сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарының мақсаты: Кейкі батырдың өмірбаянын, тағдырын және тарихын әңгімелеу арқылы оқушыларға батырдың ерлігін таныту мақсатында өтті. 22 қыркүйек «Тілдер» мерекесіне арналған «Тілім менің тұғырым» атты тақырыпта мектепшілік іс-шара өтті. Жауапты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Галатюк Елена Александровна және тіл мамандары болды. Тілдер мерекесіне арналған іс-шара мемлекеттік әнұраннан басталды. Іс-шарада мектеп оқушылары үш тілде өздерінің  жыр-шумақтарын арнады.  Қарттар мерекесіне арналып 30 қыркүйек күні «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тақырыпта іс-шара өтті. Іс-шараға ауыл әкімі қатысып, келген ардагерлерге өзінің жылы лебізін білдірді. Келген қонақтар мектеп оқушылары мен мұғалімдері  дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.   5 қазан күні ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты тақырыпта 9 сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен өзін-өзі басқару өтті.  Осы мерекеге орай «Жас – ұлан» ұйымының жетекшісі Қабылбек Тұралы Жайлаубекұлы «Жас – ұлан» ұйымының  мүшелерімен бірге ұстаздарға арнап құттықтау бұрышын жасап шығарды. Сонымен қатар 0-9 сыныптар  мұғалімдерге арнап құттықтау газеттерін шығарды.  21 қазан күні мектебімізде мектепшілік «Күз берекем, күз мерекем» атты тақырыпта іс-шара өтті. Іс-шара екі кезеңнен тұрды. Шағын орталық, мектепалды даярлық сыныбы және 1-4 сынып аралығында бөлек ұйымдастырылса, 5-9 сыныптар аралығында бөлек уақытта ұйымдастырылды.  Бастауыш сынып аралығында жауапты Балтамуратова Айзат Жұмағалиқызы болса, орта буында Ермекбаева Зура Хариятиқызы болды.  «Арқалық қаласы қосымша білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізген «Менің құқықтық алаңқайым» атты тақырыпта өткізілген қала және ауыл мектептерінің арасында өткізілген іс-шараға мектебіміздің 6 сынып оқушысы Нагашибаев Ернар қатысып төртінші орынды иеленіп келді. Жетекшісі Файзуллина Арайлым Нұрланқызы болды.  Күзгі демалыс кезінде клуб, үйірме жоспарлары құрылды, бірақ өткізілген жоқ.

 

Қалалық білім бөлімінен келген хат бойынша «Жол қауіпсіздігі» атты тақырыпта мектебімізде апталық өткізілді 30 қараша күні «Арқалық қаласы білім бөлімінен» келген «Сыбайлас жемқорлыққа қапрсы» тақырыбында келген хат бойынша мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.  1 желтоқсан ҚР алғашқы президент күніне байланысты «Елін сүйген Елбасы» атты тақырыпта мектепшілік  іс-шара өтті  Жауапты 5-7 сынып жетекшісі Ауезбеков Ералхан Темірханұлы болды. .

 

Сонымен қатар «Жас – ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген  Бүкіләлемдік терроризмге қарсы қала және ауыл мектептер арасында ұйымдастырылған оригами жасаудан «Журавлик памяти» атты ақцияға белсене қатысқаны үшін мектебіміз Алғыс хатпен    марапатталды.  Жетекшісі Кабжанов Қорғанбек Жұмағалиұлы болды.   Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің  26 жыл толуына байланысты мектебімізде жоспар құрылып, сол жоспар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып отырды.    14  желтоқсан күні мектебімізде мектепшілік «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!» атты  тақырыпта концерттік бағдарлама өтті.  Жауапты «Жас-ұлан» ұйымы Кабжанов Қорғанбек Жұмағалиұлы және Мұқашова Гүлбақыт Мирасбекқызы болды. Концерттік бағдарламаға мектеп ұстаздары ат салысты. Ұстаздар қауымы хор айтып, көркем сөз оқып, би билеп және жыр-шумақтарын ортаға салды. Сонымен қатар мектеп ұстаздары «Қайраттың соты» атты тақырыпта жүректебірентерлік, мағыналы көрініс қойды. Атап айтар болсақ Қуаныш Кәрімжанұлы «Туған жер» әнін, Көркем Жандосқызы «Желтоқсан желі» әнін, Қорғанбек Жұмағалиұлы «Елім менің» әнін, Ералхан Темірханұлы «Нұр – Аға» әнін, Әйгерім Оразалықызы «Атамекен» әнін,  ұстаздар қауымы хор «Атамекен» әнін  айтты. Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі Гүлбақыт Мирасбекқызы Жұмаш Кенебаевтың «Зобалаң»  өлеңін нақышына келтіріп айтып берді. Іс-шара өзінің алға қойған мақсатына жетті. Концертке келген қонақтар  ұстаздар қауымына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып тарасты.  Бүгінде еліміздің Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын тілекпен мерекелік іс-шарамызды аяқтадық. 28 желтоқсан күні мектебімізде «Жарқыра, Жаңа жыл» атты тақырыпта мектепшілік іс-шара өтті.