Тарификация 

Штатное  расписание 

 

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Сарыөзен  жалпы орта білім беретін мектебі» ММ

 

 

 

Мекен жайы: Үштөбе ауылы, Строительная көшесі 16 Тел: 87143031383

Меншік түрі: мемлекеттік 

Мектеп 1990 жылы құрылған. Мектеп қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жасайды.

 

Мектеп басшысы: Койбагарова Сымбат Жауынбаевна

Мектеп тақырыбы: «Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі жекелей жұмыстарды ұйымдастыру»

Педагогикалық ұжым: 29 мұғалім

 

             Мектеп жетістіктері:

 

2017 жылдың 8 желтоқсан күні өткен «Арқа жұлдызы – 2017» қалалық ән байқауына 2 оқушы қатысып, 5-сынып оқушысы Бияхмет Айым I орынды иеленіп облыстық «Золотой микрофон 2018» байқауына жолдама алды. 4-сынып оқушысы Қапар Архат «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

2016 жылы 28 қараша күні қалалық қосымша білім беру орталығында өткізілген «Ән – көңілдің ажары» атты ауыл мектептері арасында ұйымдастырылған байқауға мектебіміздің 1-сынып оқушысы Клышбек Іңкәр қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.

2016 жылы 7 желтоқсан күні ЦДО ұйымдастыруымен «Атамұрам – асыл қазынам» дәстүрлі ән байқауына 5-сынып оқушысы Сұлтанхан Ерболат пен 11-сынып оқушысы Ташабаев Спандияр қатысып, Ерболат І орынды иеленсе, Спандияр ІІ орынды иеленді.

2016 жылғы «Өркен» спартакиадасы бойынша жетістіктер:

Волейболдан (ұлдар арасында) – І орын;

Волейбол (қыздар арасында) – ІІ орын;

Баскетбол (ұлдар арасында) – ІІ орын;

Баскетбол (қыздар арасында) – ІІ орын;

Футбол (ұлдар арасында) – І орын;

Тоғызқұмалақтан ІV орын;

 

Шахматтан ІІ орынды  иеленді.

2017 жылғы «Өркен» спартакиадасы бойынша жетістіктер:

Волейбол  (қыздар арасында) – ІІ орын;

Баскетбол (қыздар арасында) – ІІI орын;

Футбол  (ұлдар арасында) – ІII орын;

Тоғызқұмалақтан - ІII орын;

Шахматтан - ІІI орынды  иеленді.