Тарификация 

Штатное расписание 

 

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің   А.Құнанбаев  атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ

 

 

 

 

 

Мектеп басшысы: Жүнісов Қабыл Жүнісұлы

 

 

Атауы

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің   А.Құнанбаев  атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ

Білім беру мекемесінің типі

Жалпы орта білім беру ұйымдары

ББМ түрі

Жалпы орта білім беретін мектеп

Меншік формасы

Мемлекеттік меншік

Елді мекен

Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласыШ.Жәнібек көшесі, 47-үй

Басшының аты-жөні

Жүнісов Қабыл Жүнісұлы

ББМ телефондары

+771430721296

ББМ-ң Email мекенжайы

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

Тарихи анықтама

 

Еңбекшілер депутаттары Арқалық қалалық Кеңесі атқару комитетінің 1977 жылғы 9 қыркүйегіндегі №17№5255 шешімі бойынша Абай Құнанбаевтың есімі беріліп №6 орта мектеп ашылып Арқалық қалалық білім бөліміне бағынған.

 

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президумының 2 маусым 1988 жылғы Жарлығымен Торғай облысы жабылып, Арқалық қалалық халықтық білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебі Қостанай облысына енгізілді.

 

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президумының 17 тамыз 1990 жылғы Қаулысымен Торғай облысының қайта құрылуына байланысты Арқалық қалалық халықтық білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебі Торғай облысының құрамына енгізілді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – территориялық құрылымын оңтайландыру шаралары туралы» 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығымен торғай облысы ыдыратылып, Арқалық қалалық білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебі Қостанай облысының құрамына енгізілді.

 

ҚР Президентінің 1997 жылғы 17 маусымындағы №3550 Жарлығымен транскрипцияның өзгертілуіне байланысты орыс тіліндегі «Кустанай облысы» деп аталған «Қостанай облысы» болып өзгертілді.

 

Арқалық қаласы әкімдігінің 1999 жылғы 26 қаңтарындағы №169 шешіміне сәйкес құрылтайшы Арқалық қалалық оқу бөлімінің мекемеден мемлекеттік мекеме болып қайта тіркелген.

 

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпанындағы №38 Қаулысымен «А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қостанай облысы Арқалық қалалық білім және спорт бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін профильді мектебі» мемлекеттік мекемесі деп өзгертілген.

 

Арқалық қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпанындағы №116 Қаулысымен «Арқалық қаласының білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін профильді мектебі» мемлекеттік мекемесі деп өзгертілді.

 

Мектептің мекен-жайы: 110300 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ш.Жәнібек көшесі, 91.

 

Мекеменің заңды мәртебесі:

Мекеме коммерциялық емес ұйым болып есептеледі, өз атынан мүліктік немесе мүліктік емес құқыларды жүзеге асыра алады, оның қызметтеріне байланысты міндеттемелер жүктейді, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы болған.

 

Мекеменің қызметінің негізгі мақсаты барлық азаматтардың мемлекеттік стандарт шегінде тегін негізгі жалпы білім беру дәрежесінде білім алуға Қазақстан Республикасының Конституциясы берген кепілдікті жүзеге асыру болып табылады.

 

Мекеменің негізгі мақсаты – тұлғаның жаралу, даму және қалыптасуына арналаған жалпы білім бағдарламасының міндетті минимумын алуға қажетті жағдайлар жасау, өсіп жеткен ұрпақтарды ұлттық және жалпы кісілік қазыналар негізінде, ғылым және тәжірибе жетістіктерінде қоғамда өмір сүруге жерсіндіру.

 

Мектеп тарихы. Қазақ сыныптарының ашылуы.

 

Қазақ халқының ұлы ақыны, халқымыздың мақтанышы, ұлттық философияның негізін салушы халқымыздың біртуар азаматы ұлы Абай атындағы атаулы мектеп 1977 жылдың 13-ші қыркүйегінде пайдалануға беріліп, оның басшысы  Глебский Леонид Федорович болып сайланып,  алғашқы басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Одинцов тағайындалды. Мектеп таза орыс тілінде жұмыс жасады. Мектеп 1176 балаға арналып ашылды.  Бірақ алғашқы 1977-1978 оқу жылында 879 оқушы қабылданды.

 

Басшылыққа О. Даулетқызының келуі.

 

1978 жылдан бері ұлы Абай мектебін басқаруға Даулетова Орал Даулетқызы келді.  Елжанды, ұлтжанды ұстаз ананың, талмас еңбегінің арқасында 1990 жылдан бастап қазақ сыныптарына оқушылар қабылдана бастады. 1990-1991 оқу жылы 1- қазақ сыныбын 9 оқушы аяқтады.

 

1992 жылы  Республикадағы екі тірек мектебінің  біреуі болып, жарияланды.  «Тәрбие – тал бесіктен басталады», «Ең бірінші адамға тәрбие берілуі керек,  тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», -деп Әл-Фараби айтпақшы 1987 жылдан бастап қазақ сыныптары ашыла бастады да, ұлттық тіл ұлттық тарихпен, мәдениетпен, мінез-құлықпен, салт-дәстүрлермен байланыстыра жүргізу мүмкіндігі туып, бұл мәселелерді жүзеге асыруды түбегейлі ойластыру қажеттілігі туындады. Нәтижесінде мектеп директоры О.Дәулетқызының авторлық «Асыл мұра» бағдарламасы дүниеге келді.

 

Нәтижесінде мектеп деректоры О.Дәулетқызының авторлық “Асыл мұра” бағдарламасы дүниеге келді. Бұл бағдарлама оқушылардың жас шамасына байланысты жасалды. Мысалы,

1-2 сыныптар «Ұлттық ойындар»,

3-4 сыныптар «Төрт түлік»,

5-сыныптар «Шежіре»,

6-сыныптар «Ас, ою-өрнек»,

7-сыныптар «Бабалар өсиеті»,

8-сыныптар «Домбыра-дастан»,

9-сыныптар «Қол-өнер»,

10-сыныптар «Салт-дәстүр»,

11-сыныптар «ата-ана келбеті» бағыттарымен жұмыс жасады.

1993 жылы “Асыл мұра ” әдіскерлік құрал Арқалық қаласында басылып шықты.

Бұл бағдарлама республикада, аймақта көптеген мектептерде басшылыққа алынып, оқу-тәрбие ісінде пайдаланып келеді. Бағдарлама қазақ мектептеріне арналса, орыс тілді мектептер үшін “К истокам народной мудрости “атты 2000 жылы оқу әдістемелік құрал жазылды.

“Асыл мұра” бағдарламасы 1996 жылы Республика көлеміндегі жаңашыл мектептердің сайысында жеңіске жетіп, «Сорос-Қазақстан» фондының жеңімпазы болды. Конкурста үздік, жаңашыл мектеп деп таңылды және сертификатпен марапатталды. Мектепке 3 компьютер, принтер, көрнекті құнды әдеби кітаптар мен қатар 5000 АҚШ долларын тарту етті.  Орал Дәулетқызының еңбегі ерекше еленіп, жоғары бағаға ие болды.

1994 жылы – ҚР Білім министрінің 2 ақпандағы №30 бұйрығымен
«Халық педагогикасы қағидаларын оқу процесіне негіздеудегі Республикалық атаулы мектеп» статусы берілді. Аталмыш бағдарлама Алматыда, республикалық баспа кабинетінде басылып, кітап барлық облыстарға таратылды.

 

“Абай” мұражайы

 

Салт-дәстүрін дәріптеп, танымы кеңейген, оқушылардың сөз өнерін дәріптеу мақсатында  1995 жылы мектеп басшысы Орал Дәулетқызының басшылығымен  А.Құнанбаевтың 150 жылдығына орай мектепте  Абайдың танымдылық мұражайы ашылды.

 

Мұражай  дерекнамасы.

 

1. Мұражайдың құрылған жылы: 1995жыл, тамыз айы.

2. Бөлімдері:

1. «Абайдай дана әкелген»

2. «Өскен орта –алтын бесік»

3. «Нәр алған үш арна»

4. «Ғұлама, ақын, сазгер – Абай дана»

5. «Ер намысы – ел намысы»

6. «Шәкіртсіз ғалым – тұл»

3. Негізгі қоры:

а) Абай замандағы кітаптар (араб тілінде жазылған, мұражайға Сейіт Кенжеахметұлы тапсырған).

Араб хрестоматиясы. Санкт-Петербург, 1876 жыл. 1930 жыл. 30 кыркүйекте Абайға мінездеме (фото көшірме)

Абайдың өз үйінде отбасымен түскен соңғы суреті (фото көшірме).

ә) ұлттық бұйымдар: домбыра, қобыз, шапан, тақия, тостағандар, Абайдың 150 жылдығына арналған түкті кілемше;

ұлттық әйел киімі, керме тақия;

4.көмекші қоры:

Абай танушылар еңбектері

Абай энциклопедиясы; Абай журналдары;

Фото документтер, фото суреттер.

Бұл мұражай Ш. Уәлиханов  мектебімен, облыстық мұражайымен, қалалық білім бөлімімен «Асыл мұра» авторлық бағдарламасы, қосымша білім беру мектебімен және оқушылар парламентімен тығыз байланыста болды.

Абайтану сабақтарының мәнін тереңдету үшін сабақтар тікелей мұражай бөлмесінде өтті.

Мектебіміздің 1,2,3 қабаттарында және мектеп аумағын тәулік бойы қадағалап отыратын бейне бақылау орнатылған. Мектептің 1-қабатының кіре беріс дәлізінде кезекші вахтер және мектеп әкімшілігі мен ұстаздардан кесте бойынша кезекшілік ұйымдастырылған.