"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай мекеме) Қазақстан Республикасының Конститутциясы кепілдік беретін барлық азаматтардың білім стандарты шегінде мектепке дейінгі тәрбие және оқу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта деңгейіндегі білім беру бағдарламаларын алуды құқықтық – ұйымдастыру түріндегі  білім беру қызметін жүзеге асыратын, Арқалық қаласының әкімдігінің «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымына кіретін жалпы білім беретін мекемелерде жаңа жарғыларды бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы №42 қаулысына сәйкес қайта тіркелген, заңды тұлғалы, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

 

Мемлекеттік мекеме Арқалық қаласы еңбекшілердің депутаттар кеңесі атқару комитетінің 1971 жылғы 30 тамыздағы №338 шешімімен құрылған.

 

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімшілігі болып табылады.

 

Мекеменің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік субъект қызметі құқығын іске асыратын, «Арқалық қаласының әкімдігі білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

 

Мекеменің  қазақ тіліндегі атауы: «Арқалық қаласы әкімдігі  білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі.

 

Мекеменің орыс тіліндегі атауы: Государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа №4 отдела образования акимата города Аркалыка».

 

Заңды тұлғаның мекен жайы: 110300 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,  Арқалық қаласы, Ш.Жәнібек көшесі, 81 үй.

 

Жалпы мектеп мұғалімдерінің саны -96 , жоғары білімді -86, арнаулы орта -10 мұғалім. Жоғары санатты мұғалімдер саны -26, I санат – 13, II санат -12, санатсыз -45 мұғалім. 1-11 оқушылар саны -1145, МАД -134, шағын орталық -75 бала бар. 

 

 

Мектеп басшысы: Садуов Нурлан Талапович

 

 

 

 

 

 

Форум

 

 

 

 

Алғашқы онлайн

 

 


 

Тегін ыстық тамақпен қамтылып  отырған оқушылар туралы мәлімет

 

2018-2019 оқу жылында мектепте ыстық тамақпен қамтылды. Жалпыға бірдей  міндетті оқу қорының есебінен жекелеген әлеуметтік мәртебесіне  байланысты  аз қамтылған   және көп балалы отбасынан шыққан балалар, тұл жетім ,денсаулығына байланысты оқушылар және әлеуметтік атаулы көмек алатын  отбасылардан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен  қамтылып отыр.Бүгінгі танда біздің мектепте 136 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтып отырмыз.

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың құжаттары,жиналып  тізімі жасалып  бекітілген. Асхана санитарлық талапққа  сай. Оқушыларға  тамақтандыруды  ұйымдастыруда, оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланады.Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану аясында іс-шаралар өтіп тұрады.