2017- 2018 оқу жылындағы Арқалық қаласы білім беру жүйесінің жағдайы туралы

Арқалық қаласы білім беру кеңістігінде 26 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 16 – сы орта, 8-і негізгі, 2- еуі бастауыш мектеп.


Оқыту 12 мектепте - мемлекеттік тілде, 13 мектепте- қазақ және орыс тілдерінде, 1 мектепте- орыс тілінде жүргізіледі.


Қаланың білім беру желісі тұрғындардың сұранысына сәйкес. Екі гимназия, мектепаралық оқу- өндірістік комбинаты, балалар музыкалық мектебі, қосымша білім беру орталығы, «Жас- ұлан» балалар- жасөспірімдер орталығы , 9 балабақша жұмыс жасайды.


Білім беру үрдісін 934 педагог жүзеге асырады, оның 364 педагогі- жоғары және бірінші санатты ( 40 % ), 170 педагог ( 18,2 % )- сертификатталған мұғалімдер. Сонымен қатар олардың қатарында Назарбаев зияткерлік мектебінің бағдарламасы бойынша курстан өткен 16 мектеп басшысы да бар.


2017 жылдың 1 қыркүйегіне текті қала және ауыл мектептерінен білім алушылар саны 6670 оқушыны құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда, көрсеткіш 141 оқушыға артты.


№2 және Восточный орта мектептерінде 7 түзету сыныптарында 47 оқушы арнайы білім беру сұранысына сәйкес оқытылады.


Білім беру желісіндегі көкейкесті мәселелердің бірі- біріктірілген сыныптары бар шағын комплектілі мектептер. 12 шағын комплектілі мектеп жұмыс жасайды, ол барлық мектептің 46,1 пайызын құрайды Арқалық қаласы әкімінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 326 қаулысы негізінде №4 орта мектеп базасында ауылдық шағын жинақты мектептер үшін ресурстық орталық ашылды. Тірек мектебінде оқу үрдісімен Қайыңды, Қараторғай, Сарыөзен және Б.Майлин атындағы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қамтылды. Ресурстық орталық жұмысы аясында педагогтер тәжірибе алмасуға, жоғары сынып оқушылары өз білімдерін тереңдете түсуге мүмкіндік алады. №5 орта мектебі жанында 60 орындық интернат жұмыс жасайды.


Мектепке дейінгі жастағы балаларды қамту 89, 9 % құрайды.


«Золотой ключик» бөбекжай-балабақшасында «Халықтық педагогика - анамектебінің алтын кілті» тақырыбында эксперимент бойынша тұсаукесер өтті. Эксперттік кеңес аталған жоба аясында мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту және көптілділікті оқыту және тәрбиелеуді енгізудің басымды бағыттарын анықтау бойынша 2017 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың мамыр аралығында эксперименттік қызметін жалғастыру туралы ұсыныс жасады.


Қалалық білім бөлімінің 2017 жылғы бұйрығы негізінде Ы. Алтынсарин атындағы гимназия мен №2 орта мектебінде химия және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша екі эксперимент алаңы ашылды.


Қосымша білім беруге оқушыларды қамту 5492 баланы құрайды, жалпы оқушылар санының 82,3 пайызын құрайды.


2016 жылғымен салыстырғанда, қала мектептерінің оқушыларын үйірмеге қамту 63,8% -дан 68,5%- ға өсті.


Білім беру ұйымдарында оқушыларды спорттық секцияларға қамту 52 % құрайды. Мектептерді спорттық керек- жарақтармен қамтамасыз ету 75 %.


Мектеп оқушыларының облыстық жазғы спартакиадасынан спорттың 13 түрі бойынша Арқалық қаласы оқушылар командасы соңғы 5 жыл ішінде екінші орын, ал қысқы спартакиадада спорттың 4 түрі бойынша жалпыкомандалық орында үшінші орынды жеңіп алды.


Білім беру бөлімі қызметінің басты бағыттарының бірі білім беру ұйымдарының материалдық- техникалық базасын жақсарту болып табылады. 2016 жылы шағын комплектілі мектептер үшін 35 проектор экранымен, қосымша білім беру орталығына робототехника кабинеті үшін базалық жабдықтар жиынтығы алынды. 2017 жылы республикалық бюджет қоры есебінен мектептер үшін 94 компьютерлік техниканың толық жинағы алынды. Қала бойынша оқулықпен қамтамасыз ету 100%. Кітап қоры оқулықпен, көркем әдебиетпен, анықтамалық- әдістемелік әдебиеттермен толықтырылды.

 

Жүктеу: «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы  ЕРЕЖЕ (.pdf)