12.08.2019

«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар арасында конкурс өткізетін комиссиясы   (110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 201 каб., анықтама үшін телефон: 8 (71430) 7-19-50, факс: 7-09-36 e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жарияланғандығын хабарлайды. Конкурсқа қатысуға жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жіберіледі. Өтінім нысаны ерікті болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары негізінде конкурс өткізіледі  (бұдан әрі – Қағидалар).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. комиссия төрағасының атына Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
  3. мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
  4. медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;
  5. білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме нысанын толтырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар 2019 жылдың 15 тамыз сағат 18:00-ден кешіктірмей, 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29 мекен-жайы бойынша орналасқан «Арқалық қаласы әкімдігің білім бөлімі» ММ-не толық құжаттар пакетін тапсыру қажет. Конкурсқа қатысу үшін конвертте жапсырылған конкурстық өтінімдер қатысушылармен «Арқалық қаласы әкімдігің білім бөлімі» ММ-нің мекенжайы бойынша: 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы 29 үй, 2 қабат, 209 кабинетіне тапсырылады.

 

Конкурсқа қатысу үшін конверттегі өтінімдер келесі мекенжай бойынша ашылады: 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы 29 үй, 2 қабат, 201 кабинет, 2019 жылдың 16 тамыз сағат 10:00-де.

 

 

Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына
1-қосымша

 

Өтініш нысаны

(мектепке дейінгі ұйымның бланкісінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру

тапсырысын орналастыру

бойынша комиссия төрағасына

__________________________

 

Өтініш

 

Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін

мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне

__________________________________________________________________

(мектепке дейінгі ұйымның атауы)

 

қосуды өтінемін.

     

 

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы                         ______________________

                                                                                              (қолы, Т.А.Ә.)

     

 

Толтырылған күні

М.О

 

Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына
2-қосымша

 

Міндеттеме нысаны

(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Аудандық білім бөлімінің басшысына

Қалалық білім бөлімінің басшысына

Облыстық білім бөлімінің басшысына

(республикалық маңызы бар қаланың және астананың)

                 _________________________________

                                                                                              (басшының Т.А.Ә.)

 

         Жеткізушінің міндеттемесі

Жарлық негізінде қызмет атқаратын ______________________________

(мектепке дейінгі ұйымның атауы)

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ата-ананың ақы төлеу мөлшерінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтуге ата-ана төлемінің көлемін белгілеу және тек аудандық (қалалық) білім бөлімінің (басқармасының) жолдамасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға

__________________________________________________________________

(мектепке дейінгі ұйымның атауы)

кепілдік етеді.

 

 

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы                               ___________________

(қолы, Т.А.Ә.)

 

 

Толтырылған күні

М.О.